Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды

Сәуір 8, 2026 - 12:41
chat_bubble  0 visibility  9
Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай биыл әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қорғаныс министрлігі биыл Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейтінін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, оның орнына бірқатар әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда:

  • ерлік сабақтары; 
  • үздік әскери қызметкерлерді марапаттау; 
  • ардагерлерге құрмет көрсету; 
  • экологиялық акциялар; 
  • әскери оркестрлердің шеруі; 
  • шығармашылық ұжымдардың концерттері; 
  • әскери техника мен қару-жарақ көрмесі; 
  • "Солдат ботқасы" акциясы; 
  • ашық есік күндері.

Осылайша, мерекелік күндер дәстүрлі парадсыз, бірақ мазмұнды іс-шаралар арқылы атап өтіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0