«Бір Аллаға тапсырдым»: Мақпал Жүнісова үйін жөндеген бригадирге қатысты пікір білдірді

Қыркүйек 14, 2026 - 16:53
chat_bubble  0 visibility  23
«Бір Аллаға тапсырдым»: Мақпал Жүнісова үйін жөндеген бригадирге қатысты пікір білдірді
фото: әлеуметтік желіден

Мақпал Жүнісова үйін жөндеуге 55 млн теңге жұмсағанымен, жұмыстың сапасына көңілі толмайтынын айтты. Әншінің сөзінше, жөндеу аяқталғанына бір жылға жетпей үйдің сыртқы қаптамасы түсе бастаған, деп хабарлайды sadaq.kz.

Әншінің айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғанына бір жыл да толмаған. Алайда қазірдің өзінде үйдің сыртқы қаптамасы түсіп, құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты мәселелер пайда болған. 

«Құрылысшылардың жасап кеткені, өзіміздің қазақтың жігіттері. 55 млн ақша алды. Осы үйге жөндеу жасаймыз деп төрт айдың ішінде киіз үйде тамақ бердік. Ақшасын уақытылы төледік. Енді, міне, үйді айнала сырты түсіп жатыр. Қалай бұлай жұмыс жасауға болады? Сұмдық қой», – деді Мақпал Жүнісова.

Өнер иесі құрылыс бригадасының жұмыс сапасына наразылығын білдіріп, жөндеу жұмыстары әуел бастан талапқа сай жүргізілмегенін айтты.

«Еркегі жоқ жесір әйел деп басынғаны ма? Мен ол бригадирді жақсы білемін. Халық жақсы білсін деп көрсетіп жатырмын. Ең бірінші қабатын дұрыс жасамаған дейді. Әуел бастан дұрыс емес болған. Қалай жыламайсың? Жүрегімді ауыртады осындай жұмысшылар», – деді әнші. 

Мақпал Жүнісова жөндеу жұмыстарын жүргізген бригадирдің есімі Досым екенін айтты. Оның сөзінше, өзі құрылысшыға хабарласып, үйдегі жағдайды видео арқылы көрсеткен, алайда жауап болмаған.

«Есімі Досым, менің үйімді осылай қатырған жігіт Алматы облысының әкімшілігіне жұмысқа тұрыпты, өзіне звондап, видео түсіріп жібергенмін, пысқырған жоқ, бір Аллаға тапсырдым, руы Шапырашты», – деді әнші.

 Мақпал Жүнісованың айтуынша, үйді жөндеуге 55 млн теңге жұмсалған. Өнер иесі қомақты қаржы төленгеніне қарамастан, жөндеу жұмыстарының бір жылға жетпей сыр бере бастағанына қынжылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 0