«Бір досым кетсе, артымда 7 миллионнан астам досым бар»: Садыр Жапаров Тәшиевке қатысты сұраққа жауап берді

Ақпан 26, 2026 - 14:51
 0  28
«Бір досым кетсе, артымда 7 миллионнан астам досым бар»:  Садыр Жапаров Тәшиевке қатысты сұраққа жауап берді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы, досы Қамшыбек Ташиевпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.  Бұл туралы Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Агенттік директоры, шежіреші Мурат Жетимішбаев «Президент Садыр Жапаров пен Қамшыбек Ташиев арасында алшақтық неге пайда болды, енді не болады?»,- деген сұрақ қойды. 

«Ештеңе болмайды. Бұл мәселені трагедияға айналдырудың қажеті жоқ. Бұрынғыдан да жақсы болады. Өмір тоқтап қалмайды. Бір досым кетсе, артымда 7 миллионнан астам досым бар. Мен үшін бәрінен де қымбат – халқымыз бен қасиетті мемлекетіміз. Кімде-кім елдің тыныштығын бұзса, аяусыз жазасын алады. Оған ақылымыз да, күшіміз де жетеді. Экономикамыздың өсу қарқыны одан әрі арта береді. Ішкі және сыртқы саясат өз арнасымен жалғаса береді», – деді Жапаров.

Еске сала кетейік, 10 ақпанда Садыр Жапаров Ташиевті Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары және ҰҚК төрағасының қызметінен босатты. Сол уақыттан бері елде кадрлық ауыс-түйістер жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта Қамшыбек Ташиев Қырғызстаннан кеткен. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0