Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды

Сәуір 10, 2026 - 11:29
 0  10
Боксшы Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ерлер арасында финалдық жекпе-жектер басталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында үндістандық Сачин Сачинмен кездесті.

Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытып, 5:0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Екінші үшминуттықта Оразбек Асылқұлов жүйелі жұмыс істеп, 3:2 есебімен жеңді.

Ал шешуші раундта Оразбек Асылқұлов шабуылда белсенді болып, нәтижелі соққылар жасай білді. Нәтижесінде төрешілер 3:2 есебімен жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша Оразбек Асылқұлов ұлттық құрама қоржынына алтын медальді салды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0