Боранбаев тағы бірнеше ірі активін мемлекетке қайтарды
Қаржы мониторинг агенттігі қамауда отырған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың активтерін жаппай мемлекетке қайтарып жатыр, деп жазады sadaqmedia.kz.
Агенттіктің ресми өкілі Әлібек Әбділовтің мәліметіне сүйенсек,
«Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын қабылдап жатыр. «Қаражанбас Северный» кен орны мемлекет меншігіне өтті, оның өндірістік параметрлері - құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық.
«Сонымен қатар, құны 9 млрд теңге болатын «Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамды құрайды. Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді», - деп хабарланған дереккөзде.
Сіздің реакцияңыз қандай?