Бойжеткенді басынан теуіп, іш киімін күштеп шешкен: желіде адам шошырлық видео тарады

Әлеуметтік желіде қыз балаға жасалған зорлықтың адам шошырлық видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеодан бойжеткен қыз баланы артында тұрған жас жігіттің аяусыз тепкенін, ал қасында отырған қыз бала оның іш киімін күштеп шешпек болғанын байқауға болады.
Оқиғаның нақты қай өңірде немесе қай елде болғаны әзірге белгісіз.
Видео қазақстандықтар арасында үлкен резонанс тудырып, желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырды.
«Анау жануардың нөмірі, мәліметтері керек. Тепкен қалай болатынын көрсетейін», «Қызыңды бөтен үйге қондырма, ұлыңды бөтен үйден тойдырма деген мақал осы үшін», «Қытай ғой бұл. Бірақ қай ел болса да аямау керек. Тәрбиені әркім өзінен бастасын, бір бірінің бөлмесіне жалаңаш кіре бермей, ұятсыздар», «Қазақстан емес Қытай, күйді алып тастаңдар қор қылмай», - деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?






