Бурабайда қаңғыбас иттерге атылған оқ адамға тиді
Ақмола облысы Бурабай ауданында қаңғыбас иттерді атқан қызметкердің оғы әріптесіне тиіп кеткен, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бурабай ауданында кәсіпорындардың бірінің қызметкері абайсызда әріптесін жаралап, аяғына оқ тиген.
«Науқастың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы тұрақты. Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.
Ал Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жануарларға қатыгездік көрсету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сондай-ақ полицейлер қолданылған қаруды тексеріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0