Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды

Ақпан 24, 2026 - 10:37
 0  11
Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Бурабай кентінде квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткен қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиға 14 ақпанда болған. Зардап шеккен қыз ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген еді. Ол терең комада болды және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермеді.

"23 ақпан күні таңертең ол көз жұмды. Оқиға салдарынан бойжеткен көптеген ауыр жарақаттар алған еді", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0