«Бүгін екі рет «иә» дедім»: Астаналық тұрғын референдум кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады
Астанадағы №60 референдум учаскесінде ерекше жағдай орын алып, елордалық Абылайхан Егеубаев сүйіктісіне көпшілік алдында үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Күтпеген ұсыныстан сәл толқыған Малика Тоқтиева келісімін беріп, «иә» деп жауап берді.
« Көңіл күйім күшті. Қобалжып тұрмын. Шыны керек, бұлай болады деп күтпедім. Дауыс беру үшін өз учаскеме келген едім. Күтпеген жерден осындай сөз салу болып жатыр. Мен бүгін 2 рет «иә» дедім», – дейді Малика Тоқтиева.
Жастардың бұл сәті учаскеде болған адамдардың назарын аударып, жылы эмоцияға толы ерекше оқиғаға айналды. Абылайхан Егеубаев бұл күнге 1 жыл бойы дайындалғанын айтады.
«Мен өмірімдегі ең басты әрі маңызды оқиғалардың дәл бүгін болғанына қатты қуаныштымын. Бұл мен үшін ең айтулы күн болады», – дейді Абылайхан Егеубаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0