«Бұрынғы Мөлдірмен байланыстырмаңыз»: Қабатовтың әйелі кино түсіруге кірісті (ВИДЕО)

Маусым 25, 2025 - 12:16
«Бұрынғы Мөлдірмен байланыстырмаңыз»: Қабатовтың әйелі кино түсіруге кірісті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова жақында ғана ән шырқап бейнебаян түсірген еді, енді көп ұзамай кино саласында да бағын сынамақ, деп жазады sadaq.kz.

"Жатқан желі тағы да бір толқиды...Мөлдір тағы не бастап жатыр дейсіздер?!
Бүгін емес, ертең емес , Алланың қолдауымен дәл қазір қолға алынған ерекше жоба - толық-метражды «ШӘЙ В БОЛЬШОМ ГОРОДЕ» киносы. Оны бұрынғы Мөлдірмен байланыстырмаңыз. Бұл - жаңа қыр, жаңа бетбұрыс.
Қоғамдағы үнсіз шындық, жанды ауыртатын сәттер мен күлкіге жасырылған көз жасы...
Осының бәрі бір жерге тоғыса ма? Не туралы екен деп ойлап отырсыз ба?)
Жақында бәрін білесіз.  Мөлдір бұл жолы нені айтпақ?..", - деп жазды өнер иесі.

“Шәй в большом городе” – жай ғана кино емес. Бұл қоғамдағы түрлі статус пен сана, қатып қалған стереотиптер, адамның ішкі жанайқайы, жалған күлкі мен шынайы сағыныш, әйел затының үні мен ер адамның үнсіздігі туралы. Біз көрерменге тек көрініс емес, ой салғымыз келеді. Кейіпкерлер айналамызда жүрген таныс бейнелер. Бірі карьера қуып жүріп жалғыз қалған, бірі тұрмыстың тасасында қалып, арманы өшкен әйел. Енді бірі сұлулық пен шындықтың арасын ажырата алмай, ішкі дағдарысқа түскен жандар. Бұл – біздің қоғам. Бұл – сіз бен біз. Қолдан келсе, қоныштан бас демей ме?! Біз де солай бастап еттік. Қолдау білдіріп, ақ тілегіңізді аямаңыз. Шай ішсең - көңілің жай! Экранда кездескенше!, - делінген жазбада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШӘЙ В БОЛЬШОМ ГОРОДЕ (@shai_v_bolshom_gorode)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow