«Дәрігерлердің бақылауында»: Қайрат Нұртастың ұлы ауруханаға түсіп қалды

Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл жайында әншінің жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады sadaq.kz.
Жұлдыздың айтуынша, 15 жастағы Нарұл велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында болып, тиісті ем қабылдап жатыр.
«Дәл бір жыл бұрын Нарұл аттан құлап, сол жақ иығын сындырып еді. Биыл велосипедтен құлап, қолын сындырып отыр», – деп жазды актриса Instagram-дағы жазбасында.
Жұлдыздың айтуынша, Нарұл ауруханаға түскеннен бір апта бұрын дәл сол клиникаға үлкен қызын да апарған. Алайда қызының денсаулығы жайлы нақты ақпарат айтылмады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






