Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды
Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі қызметінен босатылды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Дархан Аманұлы бұл қызметке 2020 жылдың 22 ақпанында тағайындалған болатын.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0