«Дауысың жоқ деді»: Мөлдір Мұқанова күйеуінен қолдау таппағанын айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова берген сұхбатында отбасындағы жағдай, шығармашылық жолы және кино түсірудегі бастамасы жайлы ашық әңгімеледі, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Соңғы уақытта тыңдарманын жаңа хит әндерімен қуантқан Мөлдірдің әндері миллиондаған қаралым жинап үлгерген. Бұған дейін бар уақытын күйеуі Тұрсынбектің шығармашылығына арнаған ол қазір жеке дамуына көбірек көңіл бөліп жүр.
Әнші бұған дейін сұхбаттарында әнге қабілеті жоқ екенін айтқан еді. Алайда ол өнерге деген құштарлығын ұзақ жылдар бойы басып келгенін мойындайды.
«Ән айта бастасам, Тұрсынбек “сенің дауысың жоқ” деп тоқтататын. Бір кездері телеарнаға жүргізуші болғым келді, қолдау күткенмін. Бірақ ол “қолыңнан келмейді” деп ашық айтатын. Сөйтіп өзімді басып тастадым», – дейді Мұқанова көзіне жас алып.
Мөлдірдің өнерін қолдайтындар да, сын айтатындар да бар. Соңғы кезде жұрт арасында «Қабатов тоқал алған» деген қауесет тарап жүргені жасырын емес. Бұл туралы ол:
«Қазір жеке өмір туралы көп айтпаймын. Туыстарыма, достарыма “Тұрсынбек туралы өсек естісеңдер, жек көріп кетпеңдер” деп айтамын. Ол ешкімді ренжітпейтін жақсы адам. Әзілдерін көруге концертке барыңыздар», – деп жауап берді.
Айта кетейік, қараша айында жарық көретін «Шай в большом городе» атты алғашқы туындысында көпшілікті толғандырған сұрақтарға жауап берілетіні айтылды.
@bbb_trende #рекомендации ♬ оригинальный звук - Тіркел ????️
Сіздің реакцияңыз қандай?






