Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік пәтерін көрсетіп, сынға қалды
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің жұбайы Әдел Әділова Астанадағы қызметтік пәтеріне жасаған видеошолуынан кейін қоғамның қызу талқысына түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол TikTok желісінде жариялаған видеода пәтерді егжей-тегжейлі көрсетіп, ондағы жиһаздың 20 жыл бойы жаңартылмағанын, теледидардың ескі үлгіде екенін, ал тумбочкалардың есіктері сынып тұрғанын атап өткен.
Әділованың айтуынша, отбасы бұл пәтерде 2023 жылдан бері тұрып жатыр. Ол бұл видео арқылы депутаттардың шынайы өмірін көрсеткісі келгенін айтады.
Алайда, желі қолданушыларының көпшілігі депутаттың отбасы бұл пәтерде шынымен тұратынына күмән келтірді. Олардың пікірінше, пәтерге мүлдем адам тұрмайтын сияқты көрінген.
Кейбіреулер Әділованың видеодағы қымбат әшекейлеріне назар аударса, басқалары бұл пәтерді жалға беріп қойған болуы мүмкін деген болжам айтты.
Тіпті, кейбір қолданушылар пәтердің терезесінен көрінген кадрлар арқылы оның қай тұрғын үй кешенінде орналасқанын да анықтап қойған.
Видеоның астына қолданушылар мысқылға толы пікірлер қалдыруда:
«Пәтерді неше тәулікке жалға алдыңыздар?», «Әрине, бұл қызметтік пәтер! Ал қала сыртындағы үйіңіз туралы ештеңе айтқыңыз келмей ме?!», «Халықтың көзіне күл себудің не қажеті бар?», «Түсірілім үшін пәтерді бір сағатқа алған ғой», «Қала сыртындағы виллаңызды көрсетіңізші, өте қызық болып тұр».
@adel_adilova3 #депутаты #рк #квартиры #астана #казахстан ♬ оригинальный звук - Adel_adilova
Сіздің реакцияңыз қандай?