Димаш Құдайберген «Қазақстанның халық әртісі» атанды
Республика күні қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға түрлі санаттағы марапаттар берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.
«Жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілді Атап айтқанда, марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам», - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Танымал адамдар арасында актер Дулығаа Ақмолда, әнші Рамазан Стамғазиев, Димаш Құдайберген мен күйші Айгүл Үлкенбаевалар «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды.
Төлен Әбдікұлы, Смағұл Елубай, Бексұлтан Нұржекеев, Софы Сматаев, Ахметжан Аширов, Любовь Шашковалар «Қазақстанның халық жазушысы» атағын иеленсе, ақын, айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан Жүрсін Ерман «Отан» орденімен марапатталды.
Республика күні қарсаңында төсбелгіге ие болған өзге де азаматтар туралы Ақорданың ресми сайтынан оқи аласыздар.
Сіздің реакцияңыз қандай?