Діни басқарма мешіттегі төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Имам «намаз үстінде «Әмин» дегенді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмиин» деп дауыстап айтқан. Осыған шыдамаған біреуі оны соққыға жыққан.

Мамыр 14, 2024 - 11:53
Мамыр 14, 2024 - 11:54
Діни басқарма мешіттегі төбелеске қатысты мәлімдеме жасады

Діни басқарма мешіттегі төбелеске қатысты мәлімдеме жасады. Діни басқарманың мәліметінше, оқиға Алматы емес, Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралуда. Осыған байланысты ҚМДБ төмендегіні мәлімдейді:

Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған. 
Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады. 
Еске сала кетсек, ҚМДБ бекіткен "Мешіт ережесі" бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады», - делінген мәлімдемеде. 

Бұған дейін әлеуметтік Алматыдағы мешіттердің бірінде төбелес болғанын жазған едік. Желі қолданушыларының айтуынша, төбелес Сарыағаш қаласындағы «Abdusattar» мешітінде болған оқиға делінген.

Имам «намаз үстінде «Әмин» дегенді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам  «әмиин» деп дауыстап айтқан. Осыған шыдамаған біреуі оны соққыға жыққан.  

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow