Екібастұзда балалар мысықты 10-қабаттан лақтырып жіберген (ВИДЕО)

Полиция тексеріс бастады

Қыркүйек 22, 2025 - 11:10
Қыркүйек 22, 2025 - 11:14
Екібастұзда балалар мысықты 10-қабаттан лақтырып жіберген (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Екібастұзда үш бала көпқабатты үйдің 10-қабатынан мысықты лақтырып жіберді. Оқиғаның видеосы желіде таралып, халық арасында үлкен наразылық туғызды. Жануарларды қорғаушылар ата-аналарды жазалауды талап етсе, полиция тексеріс бастағанын хабарлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екібастұздағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісіндегі камералар балалардың ересек мысықпен «ойнағанын» түсіріп алған. Бір сәтте жануар биіктен құлап, қаза тапты. Бейнекадрдан бір ұл мен қыздың баспалдақта тұрғаны, кейін олардың қасына мысық құлап түскені байқалады. Біраздан соң тағы бір бала келеді. Олар бірге азап шегіп жатқан жануардың айналасында жүрген.

Үйдің тұрғыны түсірген басқа видеода ұл бала өлген мысықты қолына алып, айыптауларға «бұл біз емеспіз» деп жауап береді. Қансырап жатқан жануарды ол далаға алып шығады.

Жанжалға куә болған еріктілердің айтуынша, ата-аналардың әрекеті шошытқан. Әрқайсысы өз баласын ақтап шыққан.

Зооқорғаушылардың айтуынша, балалардың бірі бұған дейін де жануарларды қорлаған. Олар құқық қорғау органдарынан тергеу жүргізіп, ата-аналарды жауапкершілікке тартуды талап етті.

«Аталған видеоға байланысты тексеріс жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деді Полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow