Экс-депутат Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалды
Мәжілістің бұрынғы депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын айтты.
«Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Экс-мәжілісмен енді біздің өңірді дамытуға атсалысады. Депутат болып жүргенде де Алматы облысы туралы жиі айтып, жазып жүретін. Бұрын микрофон құшақтап, телеарнада талай жыл әріптес болып едік. Енді әкімдіктің отымен кіріп, күлімен шығамыз. Мақсат Мәлікұлына сәттілік! Алматы облысындағы қызметі абыройлы болсын!», - деді ол.
Мақсат Толықбаев – 1988 жылы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Күршім ауылында дүниеге келген.
2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіріп, 2016 жылы осы университетте әлеуметтану ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы «31 арнадағы» «Замандастар» бағдарламасының жүргізушісі әрі редакторы ретінде бастаған.
2011-2019 жылдары осы арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметінде тілші, диктор және редактор болып жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары «Еуразия» бірінші арнасындағы «Басты бағдарлама» апталық сараптамалық хабарын жүргізген.
2020-2022 жылдары «Qazaqstan» телеарнасындағы «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі әрі продюсері болған.
2022 жылдан бастап «Хабар» арнасында «Біздің мақсат» ток-шоуын жүргізген.
2023 жылы 28 наурызда «AMANAT» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болды. Парламент тараған соң депутаттықтан кетті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0