Ел тұрғындарының кредиті 20 триллион теңгеден асты

Желтоқсан 31, 2024 - 14:59
chat_bubble  0 visibility  42
Ел тұрғындарының кредиті 20 триллион теңгеден асты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Биыл қазақстандықтардың несиесі тағы көбейіп, 20,3 триллион теңгеге жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Халыққа берілген несиелер қараша айында 2,6 пайызға ұлғайып, 20,3 триллион теңгені құрап отыр. Жыл басынан бері азаматтар алған кредит 21,8 пайызға артқан. Соның ішінде тұтынушылық қарыз 3 пайызға көбейіп, 13,5 трлн теңгеге жетті», - деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Қараша айының қорытындысы бойынша банктердің ипотекалық портфелі 6 трлн теңгеге дейін өскен. Осы жылдың 11 айында 1,8 трлн теңгеге жаңа ипотекалық қарыздар берілген.

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23,3 пайызға артық. 2024 жылғы қараша айында халыққа теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі 16,9%-ға дейін төмендеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0