Елдос Сметовке «Жыл спортшысы-2024» атағы бұйырмай қалды

Әйелдер арасында канадалық Криста Дегучи (57 кг) әйелдер арасында, ал әзірбайжандық Хидаят Гейдаров (73 кг) ерлер арасында үздік дзюдошы деп танылды.

Ақпан 2, 2025 - 23:23
Елдос Сметовке «Жыл спортшысы-2024» атағы бұйырмай қалды
Фото: Сали Сабиров

Парижде дзюдодан өтіп жатқан Гранд Слэм турнирінде 2024 жылдың үздік спортшылары марапатталды, деп жазады sadaq.kz.

Турнир аясында 2024 жылдың үздік спортшыларына арнайы марапат табысталды. Бұл ретте африкалық дзюдо қауымдастығы Оңтүстік Африкада дзюдо залдарын ашқаны үшін «Бейбітшілік үшін дзюдо» сыйлығына ие болды. Ал "балаларға арналған дзюдо» номинациясына Францияның дзюдо федерациясы Францияның қолайсыз аймақтарында 300 клуб ашу жобасымен иеленді.

Былтыр өзбекстандық Диёра Келдиёрованың Париж Олимпиадасында Убэ Утаны жеңуі "Жылдың үздік сәті" деп танылып, арнайы мараптат берілді. Оны баптаған Марко Шпитка да бұл марапатқа қол жеткізді. Сондай-ақ, 2024 жылдың үздік жаттықтырушысы ретінде дзюдодан Франция құрамасының бас бапкері Баптист Леруа дара шықты. 

Әзірбайжан құрамасының бапкері Ричард Траутманн ерлер санатында 2024 жылдың үздік жаттықтырушысы ретінде сыйлыққа қол жеткізді. Даңқты Тедди Ринердің Париж Олимпиадасының финалында жеңіске жеткен сәті "жылдың иппоны" ретінде сыйлыққа ие болды. 73 келіде Олимпиаданың күміс жүлдесін алған франциялық Жоан Бенджамин Габа "Жыл жаңалығы" номинациясына ие болды.

Әйелдер арасында канадалық Криста Дегучи (57 кг) әйелдер арасында, ал әзірбайжандық Хидаят Гейдаров (73 кг) ерлер арасында үздік дзюдошы деп танылды. Бұл аталымда отандасымыз Елдос Сметов пен грузиялық Лаша Бекаури де үміткер ретінде танылған еді. Алайда дауыс беру нәтижесінде Қарағандыда дүниеге келген әзірбайжан балуаны олардың жолын орап кетті. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow