Елімізде 8 наурызда гүл сатуға тыйым салу ұсынылды

Наурыз 12, 2025 - 16:18
Елімізде 8 наурызда гүл сатуға тыйым салу ұсынылды

Елімізде 8  наурыз қарсаңында гүл сатуға тыйым салу туралы бастама көтерілді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұған 8 наурыз мерекесінен кейін OLX секілді жарнама платформаларында сыйға тартылған гүлдерді төмен бағамен сату туралы ондаған хабарландырудың пайда болғаны себеп толған.

Мерекеден кейін қазақстандық қыз-келіншектер сыйлыққа алған сертификаттары мен гүлдерін жаппай сатылымға шығара бастаған. Бірі әлі ашылмаған гүл шоқтарын саудаласа, енді бірі түрлі номиналдағы сертификаттарды жеңілдікпен ұсынуда.

Мысалы, белгілі брендтерден тауар сатып алуға болатын 100 мың теңгелік сертификат 85 мың теңгеге сатылуда. Автор сертификаттың жаңа екенін және жарамдылық мерзімінің ұзақ екенін атап өткен.

Бұл үрдіс соңғы жылдары жиі байқалып келеді, әсіресе, мерекелерден кейін сыйлыққа ие болғандар қажетсіз деп тапқан заттарын тиімді бағаға сатуды жөн көреді.

Қазақстандық белсенділер бұл үрдіске қарсы бірқатар шараларды енгізуді ұсынды. Олардың бірі – мереке қарсаңында және 8 наурыз күні гүл сатуға тыйым салу немесе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті бап енгізіп, сыйға берілген гүлдерді сатқаны үшін айыппұл салу.

Facebook қолданушыларының бірі бұл мәселені тамырымен жоюды ұсынып:

Қазақстандағы барлық гүлдерді Қызыл кітапқа енгізіп, сатуға және кесіп алуға тыйым салу керек. Оның орнына сыйлыққа беру дәстүрін қазіргі заман талабына сай, менталитетімізге жақын форматқа өзгерту қажет, – деп жазды.

Бұл ұсыныс желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбіреулер гүлдер мен басқа да сыйлықтардың шынайы құндылығын жоғалтқанын айтып, бастаманы қолдайтынын білдірді.

Бұл бастама экологияны қорғау, сыйлықтың құндылығын арттыру және қазіргі заманға сай жаңа мәдени дәстүр қалыптастыру мақсаттарын көздейді. Бірақ мұндай өзгерістер қоғам тарапынан кеңінен қолдау тапқан жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow