Елімізге қанша қандас келді

2025 жылдың басынан бері 5,5 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
2025 жылда 5 496 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 153 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың елдер бөлінісі мынандай:
Қытайдан – 45,8%
Өзбекстаннан – 41,2%
Түрікменстаннан – 5,5%
Монғолиядан – 2,6%
Ресейден – 2,4%
басқа елдерден – 2,5%.
Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31%-ды және зейнеткерлер 8,9%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17%-ы жоғары білімді, 27,4%-ы орта кәсіби білімді, 53,2%-ы жалпы орта білімді, және 2,4% білім жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сіздің реакцияңыз қандай?






