«Енді сенің кезегің»: Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын атады

Сәуір 15, 2025 - 14:34
 0  69
«Енді сенің кезегің»: Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын атады
фото: әлеуметтік желіден

Бокстан орта салмақ бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Х желісінде келесі қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жәнібек Әлімханұлы үшінші атақты алуы қажет екенін айтты.

"Дәл қазір маған үшінші белбеуді әкелетін жекпе-жектен басқасы қызық емес", - деп жазды қазақстандық спортшы.

Осылайша ол орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің қазіргі иегері – доминикандық Карлос Адамесқа ұсыныс тастады.

"Карлос Адамес, мен менеджеріме тек сенімен жекпе-жекке шыққым келетінін айттым! Енді сенің кезегің. Командаңмен сөйлесіп, осы жекпе-жекті өткізейік - ешқандай сылтау, уақыт созу болмасын. Жанкүйерлерге өз қалағанын берейік!" - деп жазды Әлімханұлы. 

Адамес бұл ұсынысқа әзірге жауап берген жоқ.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0