Енді жасанды төс жасатқандар абақтыға қамалады

Солтүстік Кореяның қауіпсіздік қызметі имплант төстері бар әйелдерге қатысты қатаң репрессия жүргізе бастады. Енді мұндай әйелдер мен оларға операция жасаған пластикалық хирургтерге еңбек лагерлеріне жер аудару қаупі төніп тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жақында КХДР-де кеудені үлкейту операциясын жасаған дәрігер мен оның екі пациенті сот алдында жауап берген.
Медициналық университеттен оқудан шығып кеткен студент Қытайдан контрабандалық жолмен әкелінген силиконды қолданған. Ол үйінде операция жасап жатқан кезде ұсталып қалған.
Сотта айыптау дәлелі ретінде медициналық құралдар, шетелдік силикон және аудандық қауіпсіздік басқармасы тәркілеген қолма-қол ақша ұсынылған.
Прокурор: “Социалистік қоғамда өмір сүріп жатқан әйелдер буржуазиялық әдепке бой алдырған және жиіркенішті капиталистік іс-әрекеттер жасап отыр”, – деп мәлімдеген.
Ал судья “қатаң жаза қолданылатынын” айтып, үш адамның “антисоциалистік әрекетке қатысқанын” жариялаған.
Сот процесі кезінде әйелдерді косметикалық процедуралардан өткен-өтпегенін анықтау үшін мұқият тексеру жүргізілетіні де хабарланған.
Жергілікті қауымдастық басшылары дене бітімі өзгерген әйелдерді анықтап, оларға операция жасалған-жасалмағанын тексеру үшін ауруханаға жіберуі тиіс.
Сонымен қатар Солтүстік Кореяның әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі директива жариялап, онда «социалистік қоғамдағы әйелдер буржуазиялық идеологияның ықпалына түсіп, түрлі азғын әрекеттерге баруда» деп көрсетілген.
Көзге түскен әйелдер мен дәрігерлерге қылмыстық жаза қарастырылған, оның ішінде антисоциалистік мінез-құлық үшін түзеу-еңбек лагерлеріне қамау да бар.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/268650-implantqa-zol-zoq-endi-zasandy-tos-zasatqandar-abaqtyga-qamalady
Сіздің реакцияңыз қандай?






