Ербаян Мұхтардың қазіргі жағдайы белгілі болды

Стамбулда ауыр нейрохирургиялық отадан кейін елге оралған Ербаян Мұхтардың сауықтыру еміне кіріскеніне 4,5 ай толды. Бұл туралы оның жеке массаж маманы Ұлпан Советбековна мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Almaty.official парақшасына сілтеп.
Маманның айтуынша, Ербаян қазір арқасын тік ұстап, аяғында тұра алады, мойнын бақылайды, сол жақ қол-аяғында реакциялар пайда болған. Салмақ қосып, ауыз қуысы арқылы жұмыс істеуге толықтай бейімделген.
«Бұл — 7,5 ай ішінде жеткен үлкен жетістік. Ем баяу, бірақ тұрақты жүріп жатыр. Бұл жағдайда ең маңыздысы – үміт пен тұрақтылық», – деді ол.
Ербаян екінші кезеңдегі ем үшін қайтадан Стамбулға аттанады. Маман оның толық жазылатынына сенімді.
Айта кетейік, Ербаян Мұхтар Алматыдағы Ұлттық ұланда әскери қызметте жүргенде жараланған. Ресми мәлімет бойынша, ол әжетханаға құлап, басын кафельге соққан. Алайда ата-анасы бұл нұсқаға сенбейді, баласының әлімжеттік құрбаны болғанын айтады.
Сіздің реакцияңыз қандай?






