Ерейментау ауданында жеңіл көлік жол бойында өртеніп кетті
Ақмола облысының Ерейментау ауданында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға бүгін Астана – Павлодар автожолының Қарағайлы ауылы маңында болған. Жол бойында жеңіл автокөлік отқа оранған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері жедел жетіп, қызыл жалынды сөндірді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0