Ерке Есмахан Мақпал Жүнісоваға мерекелік сыйлық тарту етті (Видео)

Қаңтар 1, 2026 - 06:09
Қаңтар 1, 2026 - 06:42
 0  1
Ерке Есмахан Мақпал Жүнісоваға мерекелік сыйлық тарту етті (Видео)
Фото: Ғаламтордан

Әнші Мақпал Жүнісова Ерке Есмаханнан алған жаңа жылдық бағалы сыйлығын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Әнші өнер иесіне брендтік сөмке тарту етіп, ақ тілегін  жолдады.

«Мақпал апай! Жаңа жылыңызбен құттықтаймын! Мен сізді сыйлаймын, құрметтеймін, жақсы көремін! Сәлеммен: Ерке Есмахан», –  деп жазылған.

Мақпал Жүнісова видеода алғыс айтып, өз парақшасында жариялады.

«Айналайын, Ерке Есмахан сіңілімнен осындай әдемі сыйлық келді. Көп рақмет. Еркенің анасының аты – Мақпал. Анаңды қалай сыйласаң, мені де солай сыйлағандай болдың ғой. Алла разы болсын! Көңіл бөліп, апаңды қуантқаныңа көп рақмет. Сөмкеңіз өте әдемі екен. Балапандарыңның қызығын көр. Жолдасың екеуің бірге сахнаның төрінде болып, жақсы әндеріңмен қуанта беріңдер»,– деп әнші ризашылығын білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0