Ерлерге қарағанда әйелдер көп: Астана туралы 10 қызықты дерек

лттық статистика бюросы қызықты мәліметтер жариялады

Шілде 4, 2025 - 16:20
chat_bubble  0 visibility  50
Ерлерге қарағанда әйелдер көп: Астана туралы 10 қызықты дерек
Фото: ғаламтордан

Астана – Қазақстанның жүрегі, елдің болашағы бейнеленген қала. Ұлттық статистика бюросы елорда күніне орай заманауи мегаполис туралы қызықты әрі таңқалдырар деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1. Халық саны – 1,57 миллионға жуық

2025 жылдың 1 маусымындағы дерекке сүйенсек, Астанада 1 566 566 адам тұрады. Бұл – Қазақстандағы халық саны бойынша ең ірі қалалардың бірі.

2. Әйелдер ерлерден көп

Астанада 823 766 әйел және 742 800 ер адам бар. Демек, қала тұрғындарының 52,6%-ын әйелдер құрайды.

3. 2025 жылдың алғашқы үш айында 6 000-нан астам сәби дүниеге келген

2025 жылдың I тоқсанында Астанада 6 025 жаңа туған нәресте тіркелді.

4. 1900-ден астам неке тіркелді

Осы кезеңде 1 914 жұп ресми түрде некеге тұрған.

5. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 78,5 жыл

Астана тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы – 78,52 жас.

6. Жоғары оқу орындарының саны – 14

Астанада 14 ЖОО бар, олардың арасында халықаралық деңгейдегі университеттер де бар.

7. Театрлар саны – 10

Қала тұрғындары мен қонақтары 10 театрдың қойылымын тамашалай алады.

8. Мұражайлар саны – 7

Астанада 7 мұражай бар. Олардың қатарында Ұлттық музей, Тұңғыш Президент музейі, қазіргі заман өнері орталығы секілді мекемелер бар.

9. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астанада 295 179 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

10. Қазақстанда «Астана» есімді 24 адам бар

Елорданың құрметіне 24 азаматқа «Астана» есімі берілген.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0