Есіл өзенінен мәйіті табылған оқушы қыз түні бойы далада жүрген

Қараша 25, 2025 - 16:40
 0  15
Есіл өзенінен мәйіті табылған оқушы қыз түні бойы далада жүрген
Фото: ғаламтордан

Астанада бүгін таңда мәйіті табылған оқушы қыздың түні бойы далада жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Серуен» көпірінен Есіл өзеніне адам секіргені туралы хабарлама «112» пультіне 06.30-да келіп түскен. 

«Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының сүңгуірлер тобы 07:02-де 2011 жылғы қыз баланың денесін судан алып шықты», – делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, баланың жоғалғаны туралы арыз 24 қарашада түскен.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0