Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды

Шілде 4, 2025 - 17:07
Шілде 4, 2025 - 17:51
Антикордың бұрынғы басшысы Талғат Татубаев ұсталды
Фото: tengrinews.kz

Экс-сенатор және бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың сенімді серігі, Финпол мен Антикордың экс-басшысы Талғат Татубаевтың ұсталғаны туралы ақпар тарады деп хабарлайды sadaq.kz сайты Ertenmedia-ға сілтеме жасап. 

49 жастағы Талғат Татубаев бейсенбі күні ұсталып, конвоймен Алматыға жеткізілген. Онымен бірге финполдың тағы бірнеше қызметкері тергелуде.

Прокуратура мен құқық қорғау органдарында қызмет атқаратын Қожамжаровтың басқа да жақын серіктері Татубаевты қамаудан босатып алуға тырысып жатқан көрінеді-мыс.

Істі Бас прокуратура жанынан құрылған арнайы ведомствоаралық тергеу тобы бақылауға алған.

Татубаев Қарағандының тумасы. Еңбек жолы түгелдей финпол және жемқорлыққа қарсы мекемелермен байланысты. 2016-2019 жылдары Ұлттық бюро (Антикор) басшысы болған. Сол тұстағы Нығматуллин-Мәсімов группасы Антикорды өзінің тапсырмасын орындайтын саяси киллер ретінде пайдаланған.

Ertenmedia-ға жеткен мәлімет бойынша Қожамжаровтың етене командасы болып табылатын Талғат Татубаев «Матаевтар ісін» жүргізсе, Қайрекеңнің тағы бір сенімі серігі Олеся Кексель «Серік Ахметов ісін» жүргізген.

Қожамжаров бас прокурор болған тұста Татубаев осы мекеменің қылмыстық қудалау қызметін басқарған. Оны мансабының барлық сатысында Қайрат Қожамжаров сүйрелеп отырды.

"Силовиктердің" арасында Татубаевты "Қожамжаров командасының" белді өкілі деп атайды. Оған қатысты кез-келген іс Қайрекеңді де міндетті түрде шарпиды.

Назарбаев 2019 жылы отставкаға кетердің алдында Қожамжаровқа «ешкім тиісе алмайтын мандат» сыйлап, сенатор креслосына отырғызған. 2023 жылдың басында Қайрат Пернешұлы сенатор лауазымынан босады. Сол уақыттан бері оның ешкім тиісе алмайтын статусы жоқ және жеке заңгерлік бизнеспен айналысады. Былайша айтқанда, қатардағы көп заңгердің бірі.

Татубаев? Дереккөздерге сүйенсек, оған "БТА банк" қызметкерлеріне қатысты азаптау тәсілін қолданды деген ауыр айып тағылып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow