Геннадий Головкиннің спарринг серігі көз жұмды

Наурыз 6, 2025 - 17:29
Геннадий Головкиннің спарринг серігі көз жұмды
Фото: ©worldboxingnews.net

Жартылай орта салмақтағы америкалық боксшы Карсон Джонс (44-16-3, 32 KO) 38 жасында сирек кездесетін сырқаттан көз жұмды, - деп хабарлайды sadaq.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Кейінгі айларда Джонстың денсаулығы сыр беріп, қаңтарда оған ахалазия (жұтынудың өте сирек бұзылуы) диагнозы қойылған. Ал тамағына жасалған операциядан кейін спортшы көз жұмған. 

Джонс жартылай орта салмақта USBA және NABA (Солтүстік Америка чемпиондығы), сондай-ақ, WBC Continental Americas чемпионы болған.

Кәсіпқой карьерасында боксшы 65 жекпе-жек өткізіп, 44 кездесуінде жеңіске жеткен (32 нокаут).

Оның карьерасындағы ең үлкен айқас Келл Брукпен болды. 2012 жылы бірінші жекпе-жегінде төрешілер шешімімен жеңілді.

Кейінгі рет ол рингке 2023 жылы көтеріліп, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген.

Latinus.us мәліметінше, Джонс карьерасында ең мықты боксшылардың спарринг серігі болған: олардың қатарында Геннадий Головкин, мексикалық Сауль Канело Альварес және америкалық Теренс Кроуфорд бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow