Грузиядағы наразылық: демонстранттар президент сарайына басып кіруге тырысты

Қазан 5, 2025 - 07:46
Қазан 5, 2025 - 09:52
Грузиядағы наразылық: демонстранттар президент сарайына басып кіруге тырысты

Тбилисиде өткен жаппай наразылық акциясы кезінде оппозиция жақтастары президент сарайына басып кіруге тырысты. Полиция демонстранттарды тарату үшін су атқыштар мен бұрыш спрейін қолданған.

BBC-дің жазуынша, жаппай наразылық жергілікті сайлаудан кейін басталған. Оппозицияның айтуынша, сайлау әділ өтпеген.  Биліктегі «Грузин арманы» партиясының басшылығына ресейшіл деп айып тағып отыр.  

Оппозиция күштері сайлауға бойкот жариялады. Арасында бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің партиясы да бар. Оппозицияның бір бөлігі "билікті бейбіт түрде құлату үшін" Тбилиси орталығына жиналатынын жариялады.

Оппозиция шерудің мақсаты «Грузиядағы демократияны құтқару» екенін мәлімдеді.

Шеруге қатысушылар ЕО және Грузия тулары бар колоннамен Тбилисидің орталығына шықты.

Ұйымдастырушылардың бірі, опера әншісі Паата Бурчуладзе, халықты билікке қарсы тұруға және партияның алты жетекшісін тұтқындауға шақырды.

Демонстранттар президент сарайына жеткенде аумаққа кіруге әрекет жасады. Қоғамдық тәртіпті қорғаушылар қарсылық білдіріп, күш қолданды.

Наразылық соңғы айларда белсенділерге, тәуелсіз БАҚ пен оппозицияға қарсы қысым күшейген тұста өтіп жатыр. Батысшыл оппозиция жетекшілерінің көбі қазір қамауда отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow