«Ыдыстары лас, еті дәмсіз»: Блогер Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шығарды (ВИДЕО)

Қараша 12, 2025 - 13:35
Қараша 12, 2025 - 15:51
«Ыдыстары лас, еті дәмсіз»: Блогер Димаш Құдайбергеннің мейрамханасында шу шығарды (ВИДЕО)

Блогер Азамат Айталиев Димаш Құдайбергеннің қазақы стильдегі мейрамханасы "Дайдидауды" сынап тастады, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Ұрыс-керіс! Айқай-шу! Димаштың Астанадағы мейрамханасы "Дайдидауда", деп жазды ол желідегі парақшасында. 

Блогердің сөзінше, мейрамханада тапсырыс берген тағамы мәзірдегідей болмаған. 

"Тәрелке таза емес. Бұл не? Тағамның түрі мәзірдегі суреттегідей болуы керек емес пе? Бешбармақ емес пе, жай ыдысқа сала салған. Ет те біртүрлі, қазының майы да біртүрлі. Қазы тек майдан тұрады. Маған суреттегідей қайта істеп беріңіздер", - деді ол даяшыны шақырып алып. 

Азамат Айталиевтің бұл видеосы желіде көп пікір жинады. Көпшілік оның бұл кірпияздығын теріс қабылдаған. 

@azamataitaliev95

♬ оригинальный звук - Azamat Aitaliev live

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow