ИГИЛ «Крокус Ситиге» шабуылдың видеосын жариялады

Соңғы мәлімет бойынша 133 адам қаза тапты.

Наурыз 24, 2024 - 11:31
Наурыз 24, 2024 - 11:37
 0  3.5k
ИГИЛ «Крокус Ситиге» шабуылдың видеосын жариялады
фото: видеодан скриншот

ИГИЛ ұйымымен байланысы бар «Амак» ақпараттық агенттігі «Крокус Сити Холл» концерт орталығына шабуылдың видеосын жариялады.

Видео Directorate4 арнасында шықты. Онда жасыл камуфляж киген бірнеше адамның ғимаратқа кіріп, алдына келген адамдарды автоматпен ата бастағаны түсірілген.

Содан кейін террористер зардап шеккен бір адамды пышақпен бауыздап жатқанын да түсіріп алған.

Бейнежазбада террористің бірі үндеу жолдап, өз істеріне өкінбейтінін білдірген. Оның сөзі арабша субтитрмен берілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 6
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 7
Қайғылы Қайғылы 6
Жарайсың Жарайсың 2