ІІМ Санжар Боқаевты экстремистер тізіміне қосты

Маусым 16, 2025 - 15:45
ІІМ Санжар Боқаевты экстремистер тізіміне қосты

Қазақстандық блогер әрі қоғам белсендісі Санжар Боқаев іздеу базасынан табылды. Алматы әуежайында полиция қызметкерлері оны ұстамақ болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.

Боқаевқа полиция қызметкерлері оның аты-жөні іздеу базасына енгізілгенін айтқан. Блогерді ақыр соңында босатқан. Дегенмен ол жағдайдың мән-жайын анықтауға тырысты. Боқаевты полиция қызметкерлері ұстаған сәті блогердің YouTube арнасында жарияланды.

«Кеше Алматы әуежайында қызық жағдай болды. Мен бір адаммен кездесуге барған едім. Әуежай ғимаратына кіргеніме бес минут та болған жоқ, полиция қызметкері келіп, өзін таныстырып, менің іздеуде екенімді айтты», — деді Боқаев.

Полиция қызметкері  ұялы телефонын ашып, іздеу базасындағы оның есімін, суретін және «азаматтық белсенді» деген жазудың қылмыскерлермен бірге қатар тұрғанын көрсеткен.  

«Әрине, қатты таң қалдым. Бірақ маңызды кездесуге баруым керек болғандықтан, полициядан күте тұруын сұрадым. Полиция қызметкері менің қасымнан бір қадам да қалмады, кездесу біткенше арт жағымда тұрды. Кейін тағы екі полиция қызметкері келді. Содан соң олар кенет «Кешіріңіз, бара берсеңіз болады» деді. Алайда, мені не үшін тоқтатқандарын және қай іздеу базасында екенімді анықтау үшін олармен бірге полиция бөлімшесіне бардым», — деді Боқаев.

Полиция бөлімінде блогерге алғашында не болғанын түсіндіруден бас тартқан. Бірақ ол жауап талап етіп, бәрін телефонына жазып жүрген соң, ақырында кезекші қызметкер Боқаевқа түсініктеме берген. Қызметкердің сөзінше, әуежайда бет-әлпетті тану жүйесі орнатылған және ол құрылғы іздеуде жүрген адамдарды анықтайтынын, әрі белгісіз себептермен қоғамдық белсенділерге де әсер ететін көрінеді.

Осы түсініктемеден 15 минут өткен соң, бір полиция басшысы базаға Санжар Боқаевқа ұқсас адам түскен болуы мүмкін деп болжады, яғни қателік болғанын айтты. Блогерді ұстауға әрекет жасаған полицейлерді жазалайтындарына уәде етті. Санжар Боқаев полиция қызметкерінің смартфонында, база деректері көрсетілген жерде, өзінің аты-жөні жазылғанын атап өтті. Сондықтан қателік болуы мүмкін деген болжам қисынсыз.

Фото: Санжар Боқаев бейнеден кадр

Блогер өзінің суретін, деректерін іздеу базасына кімнің енгізгенін анықтады. Бұл – Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы күрес департаменті екені белгілі болды.

«Біздің елде шындықты айту енді экстремизм бе? ІІМ, сіздер не істеп жатқандарыңызды түсінесіздер ме? Ұят емес пе? Қай демократия, қай жаңа Қазақстан туралы айтып тұрсыздар?» — деп ашуланды Санжар Боқаев.

Бейнежазбада ол құқық қорғау органдарының бұрынғы әрекеттері туралы еске салды. Белсендінің айтуынша, полицейлер оның пәтерінен тың тыңдап, сауда орталықтарында аңдып, кейін қашып кеткен және тыңшылық құралдарын орнатқан кездері де болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow