Илон Маск Трамп әкімшілігіне қайта оралды

Қазан 2, 2026 - 11:58
chat_bubble  0 visibility  10
Илон Маск Трамп әкімшілігіне қайта оралды
Фото: Evan Vucci / AP

SpaceX бас директоры Илон Маск, Anduril негізін қалаған Палмер Лаки және Өкілдер палатасының бұрынғы спикері Ньют Гингрич Пентагонның "Меридиан жобасына" тең төрағалық етеді. Олар Пентагонның әлемдегі соғыс пен әскери қимылдардың келешегі туралы зерттеуіне қатысады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Axios басылымының мәліметінше, тиісті бөлім болашақтағы соғыс жүргізу тәсілдерін зерттеумен айналыспақ. Жобаға қатысушылар тек қазіргі қақтығыстарды емес, алдағы ондаған жылға арналған ықтимал сценарийлерді де қарастырады. Атап айтқанда, олар АҚШ-тың дәл қазірден бастап қандай технологиялар мен мүмкіндіктерді дамытуы қажеттігін бағалап шығады.

"Біз қарсыластарымызда жоқ АҚШ-тың ерекше артықшылығын пайдаланамыз. Бұл – біздің инноваторларымыз, жоғары буын басшыларымыз бен технологтарымыз. Олар ертеңгі қақтығыстардың шығармашылық шешімін болжай алады", –  деді АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет.

Зерттеу қорытындылары 120 күннен кейін дайын болады деп күтілуде. Сол кезде зерттеу нәтижелерін жариялау, сондай-ақ құпия есеп дайындау көзделген.

Айта кету керек, бұған дейін Илон Маск басқарған Ақ үйдегі департамент жабылып қалған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0