Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді

Қараша 24, 2025 - 16:48
Қараша 24, 2025 - 16:54
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметінен кетеді
ҰҚШҰ баспасөз қызметі

27 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) жаңа бас хатшысының кандидатурасы қарастырылады, деп жазады Sadaq.kz. Ұйымның қазіргі бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов бұл қызметті 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

Ұйым таратқан мәлімет бойынша, жиында бірқатар маңызды мәселе талқыланбақ: есірткі трафигімен және заңсыз көші-қонмен күрес, аймақтық қауіпсіздік, сондай-ақ Ресей 2026 жылы төрағалық ететін кезеңге арналған басымдықтар. Кездесу қорытындысы бойынша мүше елдер қауіпсіздік саласындағы ортақ ұстанымдарды қамтитын декларация қабылдайды.

"ҰҚШ-ның ҰҚК сессиясында, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер жөніндегі ортақ көзқарасы көрсетілетін декларацияны қабылдау және алдағы үш жылдық кезеңге (2026-2029 жылдар) ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымына кандидатураны қарастыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ бас хатшылығына жаңа кандидатура жыл соңына дейін келісіліп, ұйым мүшелерінің ортақ шешімімен бекітіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow