«Иманың жолдас болсын»: Дастан Оразбеков қайғылы хабармен бөлісті
Танымал әнші Дастан Оразбеков «Орда» тобының көптеген хит әндерінің авторы, композитор Сержан Бақытжанұлының өмірден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әнші өнердегі жақын досының қазасын ауыр күйзеліспен қабылдап, әсерлі жазба жариялады.
«Досым, Алла алдыңнан жарылқасын… Бүгінгі қайғылы хабар қабырғамызды қайыстырды. Құрметті оқырман, бүгін өмірден менің досым, сырласым, әріптесім, ақылдасатын кеңесшім, өнер жолын бірге кешкен аяулы азамат – Сержан Бақытжанұлы өмірден озды.
Досым, сенің жазған әндерің сенің есіміңді мәңгілікке қалдырады. Мен бұған кәміл сенемін. Сенің қаламыңнан туған «Орда» тобының әндері, «Қыйлы заман», «Ғашықсың ба?», «Жауап бер», «Тағдыр». «91» тобына арналған шығармаларың, сондай-ақ менің орындауымдағы «Көк аспан» әні – бәрі де халықтың жүрегінен орын алған, ел аузында жүрген туындылар.
Сенің жомарттығың, кеңдігің, тереңдігің мені әрдайым таңғалдыратын. Сенімен сырласу, пікірлесу мен үшін үлкен бақыт әрі мақтаныш еді. Әр кездесуден кейін көңілім марқайып қайтатын. Өкінішке қарай, енді ондай күндер қайтып келмейді.
Алла Тағала алдыңнан жарылқап, бұл өмірде көре алмаған қызығың мен жете алмаған армандарыңды артыңда қалған қыздарыңа, бауырларыңа, ата-анаңа нәсіп етсін. Сен біздің жүрегімізде мәңгі сақталасың. Жаның жәннатта, иманың жолдас болсын, досым», – деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0