iPhone Fold: Apple-дің тұсаукесер алдында ашылған басты құпиясы

Ақпан 6, 2026 - 14:46
Ақпан 6, 2026 - 15:32
 0  2
iPhone Fold: Apple-дің тұсаукесер алдында ашылған басты құпиясы
Фото: apple insider

Apple компаниясы 2026 жылдың қыркүйегінде өзінің алғашқы бүктемелі смартфоны — iPhone Fold-ты таныстыруға дайындалып жатыр. Инсайдерлер бұл құрылғының дизайны мен ішкі құрылысы туралы маңызды мәліметтерді жариялады. «Sadaq» редакциясы ең қызықты мәліметті жинақтап шықты.

Бүктемелі телефондардың ең үлкен кемшілігі — экранның ортасындағы бүктелген сызық. Apple бұл мәселені Samsung-пен бірлесе отырып шешкен. Жаңа технологияның арқасында экран ашылғанда тақтайдай тегіс болады. Ішкі экраны — 7,8 дюйм (кішігірім планшеттей), ал сыртқы экраны — 5,5 дюйм болмақ.

Бұл смартфон Apple тарихындағы ең үлкен батареяға (5500 мАч-тан астам) ие болады. Инженерлер батареяға орын босату үшін телефонның аналық платасын (motherboard) тек оң жағына орналастырған. Бұл шешім телефонның қуатын әдеттегі айфондардан әлдеқайда ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.

Көптен күткен саусақ ізі сканері (Touch ID) қайта келеді. Ол телефонның бүйіріндегі қуат түймесіне орнатылады. Сондай-ақ, дыбыс реттегіш оң жаққа көшіп, сол жақ беті мүлдем бос (кнопкасыз) болады.

Камералары iPhone Air стилінде, көлденеңінен орналасады. Қызығы — телефонның түсі қандай болса да (әзірге тек ақ түс расталды), камера орналасқан блок әрқашан қара түсті болады. Смартфон ашылғанда небәрі 4,5 мм қалыңдықта болады — бұл оның өте жұқа деген сөз!

Бұл технологиялық керемет Apple тарихындағы ең қымбат смартфон болғалы тұр. Сарапшылардың болжамынша, iPhone Fold-тың бағасы $2400 (шамамен 1,1 млн теңгеден астам) болады.

«Fold» моделінен бөлек, Apple компаниясы iPhone Flip деп аталатын жинақы «раскладушка» нұсқасын да әзірлеп жатыр. Көптеген сарапшылар Apple алдымен үлкен «Fold» моделін шығарады десе, кейбір инсайдерлер компанияның бірден екі модельді — iPhone Fold пен жинақы iPhone Flip нұсқасын қатар таныстыруы мүмкін екенін айтады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0