Иран: Израильдің Ливанға соққысы – атысты тоқтату келісімін бұзу

Сәуір 9, 2026 - 10:27
chat_bubble  0 visibility  3
Иран: Израильдің Ливанға соққысы – атысты тоқтату келісімін бұзу
фото: reuters

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багай Израильдің Ливан аумағына жасаған шабуылын Иран мен АҚШ арасындағы атысты тоқтату туралы келісімді бұзу деп бағалады.

Оның сөзінше, Ливан да бұл келісімнің аясында қарастырылады, сондықтан Израиль әрекеттері келісім талаптарына қайшы келеді.

Ал АҚШ тарапының өкілі Каролин Ливитт Ливанның аталған келісімге ресми түрде қатыспайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Дональд Трамп пен Биньямин Нетаньяху келіссөз жүргізіп, Израильдің атысты тоқтату бастамаларын қолдайтыны айтылды. Ливанның келісімге қосылуы алдағы кезеңде қарастырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0