Иран өкілі ШЫҰ саммитіне опат болған президентінің суретін алып келді
Иранның бұрынғы президенті Ибрахим Раиси 19 мамыр күні тікұшақ апатынан қаза тапқан болатын.
Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммед Мохбер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астана саммитіне қаза тапқан ел президенті Ибрахим Раисидің суретін әкелді, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ибрахим Раисидің суреті Иран басшысының міндетін атқарушы отырған үстелге қойылды.
Иранның бұрынғы президенті Ибрахим Раиси 19 мамыр күні тікұшақ апатынан қаза тапқан болатын.
Айта кету керек, Иран – ШЫҰ-ның тоғызыншы мүшесі. Ұйымның толыққанды мүшесі болу туралы шешім 2023 жылы қабылданған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?