Иранда қауіпсіздік кеңесі хатшысының қаза тапқаны расталды

Наурыз 18, 2026 - 12:27
chat_bubble  0 visibility  0
Иранда қауіпсіздік кеңесі хатшысының қаза тапқаны расталды
Фото: видеодан скрин

Иран Ислам революциясы сақшылары корпусына қарасты «Басидж»  ерікті әскерилендірілген құрамасының қолбасшысы Голамреза Сүлейманидің қаза тапқанын растады. Сол күні елдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани көз жұмғаны ресми түрде хабарланды, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты DW-ге сілтеме жасап. 

Бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы 16 наурыз күні Тегеранға жасалған шабуыл нәтижесінде Голамреза Сүлейманидің қаза тапқанын хабарлаған еді. Ал Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққысы салдарынан Әли Лариджани көз жұмғанын мәлімдеген. Бірақ Иран билігі бұл ақпаратты растамаған.

FARS ақпарат агенттігі таратқан ақпаратта Голамреза Сүлейманидің қаза тапқаны айтылған. Сонымен қатар Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілдері өз қолбасшысының өлімі үшін кек алудан бас тартпайтынын айтқан. Осындай мазмұндағы хабар сақшылар корпусының ресми сайтында да пайда болды.

«Басидж» ұйымы Ислам революциясы сақшылар корпусына бағынады. Ол Ирандағы идеологиялық бақылау мен режим қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты. Құрылым үкіметке қарсы наразылықтарды басумен де айналысады. 

The New York Times газетінің мәліметінше, Әли Лариджани соғыс басталар алдында Иранды іс жүзінде басқарған. Жоғарғы көшбасшы болған Әли Хаменеи 2026 жылдың басында Лариджаниге наразылықтарды басуды және соғысқа дайындалуды тапсырған. Әли Лариджани Ресей, Қатар және Оманмен ынтымақтастық орнатып, АҚШ-пен ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді үйлестірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0