Ирандағы жарылыстан қаза болғандар саны 25 адамға жетті

Порт орналасқан Хормозган провинциясында үш күндік қаралы күн жарияланды.

Сәуір 28, 2025 - 10:49
Ирандағы жарылыстан қаза болғандар саны 25 адамға жетті

Иранның оңтүстігіндегі Шахид-Раджаи портында болған жарылыстан қаза болғандар 25 адамға жетті, 1139 адам жараланды деп жазды IRNA агенттігі.

Порт орналасқан Хормозган провинциясында үш күндік қаралы күн жарияланды.

Қуатты жарылыс сенбі күні болған, сол аумақтағы аудандар мен кейбір өнеркәсіп кәсіпорындары зардап шеккен. Иранның ақпарат құралдарының жазуынша, жарылыстың нәтижесінде бірнеше шақырым жердегі ғимараттардың терезелері шағылған.

Дағдарыс жағдайын басқару бойынша ұйым өкілі Хоссейн Зафаридің сөзінше, жарылысқа контейнерлерде химикаттардың дұрыс сақталмауы себеп болған. Алайда иран үкіметінің өкілі жарылысқа химиялық заттар себеп болғанмен әзірге нақты себебін анықтау мүмкін болмай тұр деп айтқан.

Бұған дейін порттың кеден өкілдері жүкшілерді осы аумақтан эвакуациялайтынын және жарылыс болған контейнер аумағында "қауіпті жүк пен химикаттар" болғанын айтқан.

Жексенбі күні Tasnim агенттігі портта жанып жатқан контейнерлерден кадрлар жариялады.

Стратегиялық Ормуз бұғазына жақын орналасқан Шахид-Раджаи порты Ирандағы ең ірі контейнерлер тораптарының бірі және елге келетін жүк контейнерлерінің көбін реттейді.

Азаттық радиосы

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow