«Иранды қажет болса бір түнде жоя аламыз»: Дональд Трамп қатаң мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды CNN.
Трамп қажет болған жағдайда АҚШ бұл елді "бір түнде жоя алатынын" айтты.
"Біз бүкіл елді бір түнде жоя аламыз, әрі бұл ертең-ақ орын алуы мүмкін", – деді Трамп.
Сонымен қатар ол Иранның қазіргі келіссөздерге белсенді түрде қатысып отырғанын атап өтті. Трамптың айтуынша, Тегеран қақтығысты реттеуге бағытталған келісімге келуге мүдделі.
"Мен атысты тоқтату туралы нақты айта алмаймын, бірақ қарсы тараптың келіссөзге дайын екенін көріп отырмыз. Олар мәмілеге келгісі келеді", – деді АҚШ басшысы.
Сондай-ақ Трамп делдалдар арқылы жүргізіліп жатқан келіссөздердің оң нәтиже беруі мүмкін екенін жеткізді.
"Негізінен олардың ертең кешкі сағат сегізге дейін уақыты бар. Біз олармен байланыстамыз, келіссөздер жақсы жүріп жатыр", – деп қосты ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0