«Іздестіру жұмыстары тоқтамайды»: Атырауда жоғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шықты
Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында хабарлады.
Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Нұрболат Сұлтановтың хабарлауынша, қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің өндірісінде және прокуратураның қатаң бақылауында тұр.
"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай өзге ақпарат жарияланбайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі, 1-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот үкімі шыққанша адам кінәлі емес деп есептеледі. Әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тарап жатыр. Сол ақпараттарға сенбей, тек ресми ақпаратқа сүйенсе екен деп айтып жатырмын", – деді Нұрболат Сұлтанов.
Прокуратура өкілі күдікті мен марқұмдардың балаларын іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлады.
"Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Тоқтамайды да. Қызылқоға ауданында ауа райының күрт өзгеріп, қардың қалың жаууы мен мұздың қатуына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті іздестіруді уақытша тоқтады. Жақын арада жалғасын табады. Алайда күдіктіні және хабар-ошарсыз кеткен марқұмдардың балаларын іздестіру тоқтаған жоқ. Қосымша ақпарат беріледі", – деді Нұрболат Сұлтанов.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0