«Қадыровтың гаремі және мұрагерлер құпиясы»: «Проект» жобасы Шешенстан басшысы туралы деректі фильм жариялады

Маусым 19, 2024 - 17:50
Маусым 19, 2024 - 17:54
«Қадыровтың гаремі және мұрагерлер құпиясы»: «Проект» жобасы Шешенстан басшысы туралы деректі фильм жариялады

Жақында атақты пен оның отбасы туралы зерттеу жариялады. Екі жарым сағаттан асатын деректі фильм «Адам өлтіру, кәмелетке толмағандар гаремі және Рамзан Қадыров мұрагерлерінің құпиясы» деп аталады.Деректі фильмде Қадыровтар отбасының билікке қалай келгені, оның бақталастарының өлімі және балалары туралы баяндалады. 
Сондай-ақ, Рамзанның әкесі Ахмат Қадыровтың Шешенстанда билікке келуі туралы сөз болады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Project өз зерттеуінде Қадыровтар әулетінің билікке ФСБ басшысының орынбасары Герман Угрюмов пен «Лазан» қылмыстық тобының жетекшісі Мовлади Атлангериевтің қолдауымен келгенін айтады. Айтуларынша, елдің сол бас мүфтиі Ахмат Қадыровтың тресейлік арнайы қызметтің шарттарына келіскен шешеннің жалғыз өкілі. Есесіне Мәскеудің бір ауданын бақылауда ұстау мүмкіндігін алған. Сондай-ақ ес миллион доллар қолма-қол ақша және Сочидегі қымбат үйлердің біріне иелік етіп шыға келген. Ахмат Қадыров билікті алған соң келіссөздерге қатысқан ФСБ қызметкерлерінің көпшілігі қайтыс болды дейді тергеушілер.

Екінші бөлімде Шешенстанның қазіргі басшысы Рамзан Қадыровтың құпиялары сөз болған. Ең қызығы жоба авторлары 2004 жылы 9 мамырда Грозныйда Ахмат Қадыровқа жасалған қастандықты осы Рмзан Қадыров ұйымдастырған деген қорытынды жасаған. Сондай-ақ Рамзан Қадыровтың ағасы Зелімханның өліміне қатысты та күдік көп екенін айтады. Айтуларынша, Зелімхан мен Рамзан арасында билікке талас болған.

Шешенстан басшысының пәк қыздарға құмар екені әрі кәмелетке толмаған қыздардан тұратын «гаремге» ұстаған. Гаремге қыздарды Кадыров үшін ұйымдастырылған жергілікті сұлулық байқауына қатысушылар арасынан таңдап алып отырған. Тіптен кейбірін көшеден алып кеткен. Осы мақсатта Рамзан Қадыров арнайы көмекші ұстаған. Ол мектеп жасындағы немесе бірінші курста оқитын шешен қыздарының телефон нөмірін жасақтап отырған.

Азаттық радиосының мәліметінше, Қадыровпен жақындасқан осындай қыздардың кейбірі Шешенстанда «оның бұрынғы күңі» атанып, күйеуге шыға алмайды дейді. Бірақ оған бала тауып, шалқып өмір сүріп жатқандар да бар.

Солардың бірі - жергілікті сұлулық байқауының жүлдегері Фатима Хазуева. Ол 14 жасында Шешенстан басшысының екінші ұлы Элиге жүкті болған. Басылым дерегінше, ол Қадыровқа бірнеше бала тауып берген.

Тағы бір сұлулық байқауының жеңімпазы Замира Джабраилова (жеке куәлігіндегі есімі Индира) 15 жасында Қадыровтың үшінші ұлы Адамға жүкті болған.
Шешенстан басшысының 12 баласы бар. Қадыров олардың бәрін өзінің ресми некедегі әйелі 43 жастағы Мидни Қадырова туған дейді. 2023 жылы Путин оны «батыр ана» атағымен марапаттаған. «Проект» журналистері Қадыровтың кемінде алты баласы үш әйелден туғанын анықтаған.

Кадыров пен оның жақындары зерттеуге байланысты пікір айтқан жоқ. Ресей билігі ондаған зерттеу жариялаған, соның ішінде Владимир Путин мен оның төңірегіндегілер жөнінде зерттеу жасаған «Проект» басылымын «жағымсыз ұйым» деп таныған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow