«Қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Каньэ Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің Алматыдағы концертінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол отандық және шетелдік өнер иелеріне қойылатын талаптардың бірдей емес екенін айтып, наразылығын білдірді.
Продюсердің сөзінше, 19 мамырда өткен "Kesh You" тобының шоу кешінде қауіпсіздік талаптарына байланысты отшашу қолдануға рұқсат берілмеген. Ал шетелдік жұлдыздың концерті кезінде мұндай талаптардың басқаша қарастырылатынын айтты.
«19 мамырда біз әлемдік деңгейдегі шоу жасадық. Бірақ отшашуға үзілді-кесілді рұқсат бермеді. Сонда заң алдында бәрі тең болғанымен, біреулер “теңірек” болғаны ма? “Дау-дамай туындайды, қауіпсіздікке кепілдік жоқ” деді… Мұны қалай түсінуге болады? Қазақ әртістері екінші сорт па? Біздің шоуымыз бір бас жоғары болғанына қарамастан, бізге болмайды да, Канье Уэстке бола ма?! Бұл – біздің баяғыдан келе жатқан “комплексіміз”. Қонақтардың алдында ұятқа қалмау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, ал өзімізге осы да жарай береді», – деді Баян Мақсатқызы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0