«Кәлима айтпады»: Орал тұрғыны 5 жасар баласын аяусыз сабаған

Бала мүлде тілсіз қалған, қазір емделіп жатыр.

Тамыз 12, 2025 - 15:25
Тамыз 12, 2025 - 15:26
«Кәлима айтпады»: Орал тұрғыны 5 жасар баласын аяусыз сабаған
Коллаж: Orda.kz

Орал қаласында тұратын әйел бұрынғы күйеуінің баласына қатыгездік көрсеткенін және алимент төлемей жүргенін мәлімдеді. Айтуынша, ер адам ұлын ислам дініндегі кәлиманы айтқызу үшін ұрып-соғып, тіпті шаңсорғышты қосып, бір бөлмеге қамап қойған, деп хабарлайды Orda.kz.

Шешесінің сөзінше әкесінен қорлық көрген бала қазір сөйлемей қалған. 

«Бұл адамнан ортақ баламыз бар. Балама кәлиманы үйретемін деп осылай ұратын. Қазір балам сөйлемейді. Диагнозымен күресіп келеміз. Жалғыз өсіріп отырмын. Халықпен бірге емдетіп келемін. Кеше сотта әкесі алимент төлемеу үшін баласынан бас тартпақ болды. Бар дүние-мүлкін жасырып, өзін жұмыссыз ретінде тіркетіп қойған», — деді әйел. 

Оның сөзінше, көрген зорлықтан кейін бала мүлде сөйлемей қойған, қазір ем қабылдап жүр. Әйел бұрынғы күйеуінің өзін де талай мәрте ұрып-соққанын, алайда шақыртумен келген полиция қызметкерлері ешқандай шара қолданбағанын айтты.

«Баламды шаңсорғыш қосып, бір бөлмеге қамап қоятын. «Лә иләһә иллАллаһ, Мұхаммадур расулуллаһ» деп айтпадың деп ұрысатын. Содан бері балам тілсіз қалды. Өзімді де таң атқанша ұратын. Таңда полиция келіп ауруханаға жеткізді. Ал оған ештеңе істемеді. Арызымды жойып жіберді», — дейді ол. 

 

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі Оралда көпшілікке қайырымдылық істерімен танылған. Сол себепті оған қоғам оны жақсы адам деп деп санайды.

«Бұл адамды Оралда намазхандар жақсы таниды. Қайырымдылықпен айналқаны үшін оны жақсы деп таниды», — деді әйел

Алимент өндіру ісі бойынша сот отырысы өтті. Әйелдің айтуынша, ол ұлын емдету сотқа жүгінген. Өзі пәтер жалдап тұрады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow