«Қанат мені көндіре алмады»: Димаштың анасы отбасылық құпиясын ашты (ВИДЕО)
Әнші Света Айтбаева жұбайы Қанат Айтбаевтың тегін не себепті алғанын айтып берді. Жұлдызды жұп QAZAQSTAN ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына қонақ болып, отбасылық өмірлеріне қатысты жеке жайттарды бөлісті, деп жазады sadaq.kz сайты.
Өнер иесінің айтуынша, тұрмысқа шығар алдында ол өз тегінде қалғысы келген. Алайда бұл шешім кейін өзгерген.
«Мен Қанатқа өз тегімде қаламын, сенің тегіңді алмаймын деп айтқанмын. Бірақ ол мені көндіре алмағасын, той үстінде әжеме барып, жағдайды түсіндірген. Әжемнің сөзіне қарсы шыға алмадым. Солай Қанаттың қайсарлығы бәрінен басым түсті», – деді Света Айтбаева.
Әншінің бұл мәлімдемесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірге себеп болды. Бірі отбасындағы үлкендердің сөзіне құрметпен қарауды құптаса, енді бірі әйел адамның таңдауына еркіндік берілуі тиіс екенін алға тартты.
@qazaqstan.tv_ Света Айтбаева: Өз тегімде қалғым келді Жұлдызды жұп Қанат пен Света Айтбаевтар «1001 түнде» қонақ болды. «Мен Қанатқа өз тегімде қаламын, сенің тегіңді алмаймын деп айтқанмын. Алайда ол мені көндіре алмаған соң, той үстінде әжеме барып, жағдайды түсіндірген. Әжемнің сөзіне қарсы шыға алмадым. Солай Қанаттың қайсарлығы бәрінен басым түсті», - деді ол. ♬ оригинальный звук - «Qazaqstan» телеарнасы
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0