Қар, жаңбыр: Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер 20, 21 және 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран мен көктайғаққа болады.
"Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, 22 қарашада батысы мен солтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман болжанады", – деп хабарлады синоптиктер.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, деп толықтырды Қазгидромет.
Сіздің реакцияңыз қандай?